Ата-аналар, журналистер, білім беру саласының қызметкерлері өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Олар мектеп салу, кітапханашылардың жалақысын көтеру, мұғалімдердің жұмысқа орналасу ережелері, мұғалімдерге біліктілік беру, мектепке дейінгі ұйымдарда педагог-ассистенттер, жеке көмекшілер лауазымын енгізу, мектептерде медицина қызметкерлері штатының жетіспеушілігі және т. б. тақырыптарға қатысты болды.

Есеп беру кездесуінен кейін Асхат Аймағамбетов «Жайлы мектепті» жүзеге асыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Құрылыс басталатын аумақты аралап, әкімдіктің құрылыс бөлімі басшысының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен (ИКИ) қамтамасыз етілуі, техникалық шарттардың болуы және өзге де мәселелерді шешу туралы ақпаратын тыңдады.

Астрахань ауылындағы мектепте де болды. Мектеп кітапханасының жұмысына, материалдық-техникалық базасын жаңартуға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге және жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.Сонымен бірге «Алтын бесік» балабақшасына да барды.

«Тәрбиешілер пилоттық жобаның қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы айтты. Жобаға сәйкес күндізгі уақытта топпен 1 емес, бірден 2 тәрбиеші жұмыс істейді. Тәрбиешілердің пікірінше, бұл дұрыс шешім. Өйткені балаларға көбірек көңіл бөлінеді, тәрбиешілердің жүктемесін айтарлықтай азайтады және жоба аясында екі есеге жуық жалақы алады. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді. Олар министрліктің бақылауында болады», - деді Асхат Аймағамбетов.