«Жоба жасаушылар көбінесе карьерлер мен зауыттардың сапасы, олардың қуаты туралы деректердің болмауына тап болып жатады. Қағаз жүзінде карьер болса, іс жүзінде олай емес. Немесе құрылыс материалын елдің оңтүстігінде пайдаланады, алайда ол солтүстік өңірдің клматына әлдеқайда төзімдірек», - деді «ҚазжолҒЗИ» вице-президенті Айдос Елшібаев. 

Осы ретте аталған мәселені шешу жолдары «ҚазжолҒЗИ» мамандарының құзырында. Институт «Бірыңғай жол базасы» цифрлық жүйесін құруда. Базада Қазақстанның карьерлері мен битум зауыттары, олардың географиялық ақпараттық жүйе картасындағы геолокациясы туралы деректер сақталады.

«Бірыңғай база жобалау және құрылыс кезінде сыналған карьерлер, битум зауыттары, инновациялар, технологиялар туралы ақпарат алуға көмектеседі. Бұл жол құрылысын әлдеқайда жеделдетіп, жақсарта түседі», ­- деп түйіндеді Айдос Елшібаев. 

Сонымен бірге бірыңғай база жолдың климаттық аймағын және барлық қолайлы климаттық материал мен әдістерді ескереді.