Орталық Азия елдерінің көшбасшы әйелдері форумын, омбудсмендерді, азаматтық қоғамды біріктірген іс-шара Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасына сәйкес құрылған гендерлік теңдік саласындағы тәжірибе алмасуға арналған «Теңдік үшін әрекет»  аймақтық виртуалды алаң шеңберінде өтіп жатыр.

Дөңгелек үстел жұмысына Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Түрікменстан, Түркиянің Адам құқықтары жөніндегі уәкілдері мен Әйелдер істері жөніндегі құрылымдардың көшбасшылары, ұлттық, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор өкілдері, құқық қорғаушылар мен сарапшылар қатысты.

Өкінішке орай, Орталық Азияда, бүкіл әлемдегідей, әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық жиі кездесетін жағдай. Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, барлық Орталық Азия елдерінде сексуалдық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендердің 80% - ы - әйелдер мен қыздар.

«БҰҰ-әйелдер» құрылымы бүгінгі пікірталаспен Қазақстанда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» науқанын ашады. Биылғы науқан азаматтық белсенділікке және әр адамның жеке әрекеттеріне бағытталған. Себебі, гендерлік зорлық-зомбылықты тек бірігіп жоюға болады», - деді Мария Доценко, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымның өкілі.

Бүгін Қазақстандағы 39 дипломатиялық миссия мен халықаралық ұйымдар бірлескен мәлімдеме таратты, онда әйелдер мен қыздарды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен одан әрі қорғау үшін ел заңнамасын жақсартуға қазақстандық әріптестерге қолдау көрсетуді жалғастыруға дайын екендігін білдіреді.

«Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамға толық қатысуына жол бермейді. Өкінішке орай, қылмысты талдаудың көрсетіп отырғаны: қолданылатын қорғаныс және алдын алу институты зардап шеккендердің толық қауіпсіздігін қамтамасыз етпейді. Шаралардың заңнамалық реттелуіне қарамастан, екі жылдық тәжірибе олардың төмен нәтижелілігін көрсетеді. Осыған байланысты «Сервистік полиция» жобасы шеңберінде полиция қызметтерінің жұмысын қайта форматтау, азаматтық институтпен әріптестік жұмыс, әйелдердің экономикалық мүмкіндіктері мен дағдыларын дамыту, сондай - ақ психологтар, әлеуметтанушылар мен мәдениет саласындағы мамандарды тарту арқылы зорлық-зомбылыққа ден қоюды күшейту қажет», - деп атап өтті ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова.

«Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылықтың түпкі себептерін жоюға және тәуекел тобындағы әйелдер мен қыздарға көмек көрсетуге ынтымақтастығын білдіреді. Осыған байланысты, біз бірқатар халықаралық Конвенцияларға қосылдық. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы 2021 жылы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторлардың штат санын нығайту қажеттігіне ерекше назар аударды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің саны екі есеге артып, тиісті нормаларға жетті», - деп атап өтті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Нұркина.

Пікірталастың маңызды тақырыптарының бірі - жұмыс орнындағы алымсақтық мәселесі болды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы және «БҰҰ-әйелдер» жұмыс орнындағы зорлық-зомбылық пен сексуалдық алымсақтық деңгейін зерделеу жөніндегі бірлескен зерттеуінде респонденттердің 80% - дан астамы еңбек саласында гендерлік зорлық-зомбылық пен алымсақтыққа тыйым салуды заңнамалық тұрғыдан бекіту және зардап шеккендерге құқықтық қорғауды күшейту қажеттігін атап өтті. Қазақстанның «Еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен алымсақтықты жою туралы» ХЕҰ №190 Конвенциясына қосылуы еңбек жағдайларын одан әрі жақсартудағы маңызды қадам болады.

Қазақстанның гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылдаған шаралары аясында «Әйелдер, бейбітшілік, қауіпсіздік және гуманитарлық қызмет» халықаралық Келісімге қосылудың қарастыруы да маңызды қадам болмақ. Аталмыш шарт «Ұрпақ теңдігі» жаһандық форумының (Париж, 2021 ж.) негізгі нәтижелерінің бірі және гендерлік теңдікті қамтамасыз ету ісіндегі прогресті жеделдету құралы болып табылады.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар кеңсесі, Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы, ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен.