Оның айтуынша, барлық көп қабатты тұрғын үйлердің жылу тораптарына жылу тасымалдағыш берілді. ЖЭО-дан жіберілген ыстық су магистральдық желілер арқылы өтіп, орамішілік желілермен үйдің орталық жылу торабына жетеді. Ыстық су осы орталық жылу торабынан барлық пәтерлерге таралады. Яғни, жертөледе жылу тасымалдағыш – ЖЭО қыздыратын ыстық су болатын жылу торабы бар.

«Осы жылу торабынан ыстық су құбырлар арқылы батареяларға таралады. Кеше көп қабатты үйлердің жылу тораптарына жылу тасымалдағыш жіберілді дегенде қателескен жоқпын. Қазіргі кезде 12 үйде батареялар мен пәтерлерде құбырлар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Анықтама үшін, қазірдің өзінде екі мыңға жуық батарея орнатылды, қоймада 4 мыңнан астам батарея бар. Атап айтқанда, бұл Сәтбаев, 8-де 3, 4, 5, 6 корпустарында, Мәшхүр Жүсіп к-сі, 52 3,4,5,6 корпустарында, Мәшхүр Жүсіп, 55, 46, 46 А және  Момышұлы 68 мекен жайлары бойынша орналасқан үйлер. Бұл үйлердің пәтерлерінде ыстық су ішінара берілді, кейбір пәтерлер жылытуға әлі қосылмаған. Сондай-ақ 28 үйде суық су құбырлары жібітіліп жатыр. Жалпы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына 851 адам қатысуда», - деді О. Крук. 

Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин жұмыстардың тәулік бойы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Бригадалар қажет материалдық, техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. Жағдай бақылануда.