Бұл жұмыстарды бүгін аяқтау жоспарланған. Зардап шеккен нысандарға бекітілген кәсіпорындар тәулік бойы инженерлік коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысуда. 

6 желтоқсан күні таңғы сағат 04:30-да №6 шағын аудандағы орамішілік жылу желісінде құбыр жарылды (жылу құбырын бұратын ЦТП 63, диаметрі 159). Оған жөндеу бригадалары жіберілді. Осыған байланысты Бауыржан Момышұлы көшесіндегі 42, 54, 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67А тұрғын үйлеріне ыстық су беру қысқа уақытқа тоқтатылды, құбырды сағат 14:00-де дейін жөндеу көзделген.