ЕRG компаниясының кәсіпорындары 2021 жылы кешенді экологиялық рұқсат алды, оның шеңберінде алдағы 10 жылда шығарындыларды 67 мың тоннаға азайту жоспарлануда. ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфұхар Жолдасов осындай мәліметтер келтірді.  


«Компания 150 млрд теңгеден астам инвестиция салмақ. «Қазақстан алюминийі» АҚ «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасына енгізілген, оған сәйкес кәсіпорын шығарындыларды 28 мың тоннаға азайтуға міндеттенеді. Екі жыл ішінде ERG компанияларына қатысты 9 тексеру шарасы өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша экологиялық рұқсатсыз шығарындылар бойынша шамадан тыс асыру, пайдаланылған газдардағы ластаушы заттардың, бейорганикалық шаңның шамадан тыс асып кетуі, қауіпті қалдықтарды араластыру, есептерде анық емес мәліметтер беру жағдайлары анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша компанияларға жалпы сомасы шамамен 60 млн теңгеге айыппұл салынды.  
Осы жылдың соңына дейін «Қазақстан алюминийі» АҚ-ға қатысты кәсіби бақылау жүргізу жоспарлануда. Павлодар облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасының 33 пунктінің 11-і ERG компаниялар тобы іске асыратын іс-шаралар болып табылады. «Қазақстан алюминийі» АҚ агломерация пештерінде электрофильтрді қайта құру жүргізілді, бұл қалдық шаңның түзілуін 1300-ден 50 мг-ға дейін қысқартуға мүмкіндік береді», - деді Жолдасов.   


ERG компаниялар тобы 2030 жылға дейін 128 млрд теңге көлемінде шығындармен КЭР-де ең үздік қолжетімді технологияларға көшу бағдарламасын келіскен. Оның ішінде 2022 жылы табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға 3,9 млрд теңге жоспарланған.