Бұл модуль Halyk Bank, ҚР Энергетика министрлігі, ҚР ЦДИАӨМ, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР ІІМ және бағаны мемлекеттік реттеу белгіленген дизель жанармайын жеңілдетілген бағамен сатып алу жөніндегі пилоттық жоба шеңберінде Мемлекеттік кредиттік бюроның ақпараттық жүйелерін интеграциялау арқасында іске асырылды.

Janarmai виртуалды картасы Halyk Homebank қосымшасында көлік  иесінің немесе көлікті жүргізуге құқығы бар барлық азаматтар үшін қолжетімді. Бұған дейін жанарма құю станциясына жүргізуші куәлігінің немесе көліктің тіркелуі туралы куәліктің қағаз нұсқасын көрсету арқылы ғана сатып алуға болатын.

Жеңілдетілген бағамен жанармай құю үшін Halyk Homebank қосымшасының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде «Janarmai жанармай картасы» опциясын таңдап, қажетті параметрлерді толтыру керек: жүргізуші куәлігінің нөмірі немесе мемлекеттік нөмір. Содан кейін виртуалды жанармай картасын алыңыз. Сондай-ақ, бұл қызмет заңды тұлғалар үшін де қолжетімді.

Картаны пайдалану өте қарапайым: жанармай картасының нөмірін және сатып алуды растайтын SMS-кодты жанармай құю станциясының кассиріне көресту жеткілікті.

Үкімет белгілеген баға саясаты бойынша ҚР-ның азаматы жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде тәулігіне 100 литрге дейін жеңілдетілген бағамен дизель жанармайын 230/260 теңге/литр (өңірлерге байланысты) сатып ала алатынын еске саламыз. Жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустардың иелеріне келетін болсақ  ҚР-да берілген техпаспортты көрсеткен кезде тәулігіне 300 литрге дейінгі көлемде 230/260 теңге/литр бағамен (өңірлерге байланысты) сатып алуға болады. Қалған санаттағы тұлғалар, жоғарыда көрсетілген лимиттерден артық сатып алған жағдайда дизель жанармайы литріне 450 теңгеден сатылатын болады.