Конституцияға сәйкес Мемлекет басшысының ұсынуымен еліміздің Жоғарғы Сотының төрағасын қызметінен босату және сайлау, сондай-ақ оның антын қабылдау Сенаттың қарауына жатады.

Мемлекет басшысы ұсынған Асламбек Мерғалиевтің кандидатурасын Сенаттың жалпы отырысында Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу депутаттарға ұсынды.

Сенаторлар ұсынылған кандидатураны қолдады.

Асламбек Мерғалиев ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы ретінде ант берді.