«Жергілікті атқарушы органдардың, орталық министрліктердің аумақтық органдарының өкілдерімен бірлескен өзара іс-қимыл қорытындысы бойынша 2000-ға жуық ұсыным әзірленді. Олар бизнес-процестерді жақсартумен, бизнес жүргізуге, сапалы мемлекеттік қызметтер алуға әкімшілік кедергілерді азайтумен байланысты болды. Қазіргі уақытта біздің бастамамызбен әзірленген осы ұсынымдардың шамамен 70%-ы іске асырылды, жойылды, шешімдер қабылданды», - деп атап өтті спикер.

 
Мысалы, Қарағанды облысында электрмен жабдықтау қызметтеріне баға белгілеу бойынша мониторинг жүргізілді. Электр энергиясын жеткізуші ұйымдарда өндірушінің бағасының өсуін растайтын шот-фактуралар болған жоқ. Уәкілетті органмен бірлесіп қабылданған шаралардың нәтижесінде жоспарланып отырған баға өсімі төмендетілді. Осылайша, облыс халқы 1 жылға есептегенде, яғни 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы қазанға дейін электр энергиясына жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге тарифтен тыс төлем жасамайтын болды. Халыққа тарифті негізсіз көтеру фактілерінің анықталуына байланысты Балқаш қаласының тұрғындары үшін жылумен жабдықтау қызметтеріне 133 млн теңге; сумен жабдықтауға және су бұруға 92 млн теңге сомасына төмендетілген өтемақы тарифі енгізілді.