Биыл аурухана базасында Емдеу-диагностикалық блок өз жұмысын бастады. Мұнда 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді: пульмонология, нефрология, гастроэнтерология, эндокринология, неврология, ревматология және кардиология. Жаңа блок соңғы үлгідегі заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. Мысалы, минутына 640 кескін жасайтын және тіндердің әрбір миллиметрін дерлік зерттеуге мүмкіндік беретін компьютерлік томограф орнатылған. Сондай-ақ, томосинтез функциясы бар маммограф (3D маммография), сүт безі ауруларын диагностикалаудың заманауи құрылғы да соңғы үлгідегі жабдықтар қатарынан. Құрылғының артықшылығы – онкопатологияны ерте кезеңдерде диагностикалаудың жоғары дәлдігіне ие.
Бүгін Медициналық орталығы ауруханасында баспасөз туры ұйымдастырылып, журналистерге аурухананың мүмкіндіктері мен қызметтері таныстырылды.
БАҚ өкілдеріне операциялық блоктың мүмкіндіктері көрсетілді. Мұнда журналистер роботтық хирургия симуляторлары жұмысымен танысып, КТ және МРТ зертханашысының рөлін сынап көрді.
Жыл сайын ҚР ПІБ Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының операциялық блогында 5000-нан астам операция жасалады. Блок 11 операциялық залмен жабдықталған.
Инсульт, инфаркт, хирургиялық операциядан кейін қалпына келетін оңалту блогында кеңейтілген кері байланыспен жүру дағдыларын қалпына келтіруге арналған «Lokomat Pro» роботталған кешені орнатылған. Қимыл-қозғалыс функциясы бұзылған, бассүйек-ми жарақаттары, жұлын жарақаттары, неврологиялық, бұлшықет немесе сүйек патологиялары салдарында LokomatPro терапиясын қолдану пациенттердің қимыл-қозғалысын жақсартады.
ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы халықаралық сапа стандарттары бойынша жұмыс істейді. Аурухана JCI халықаралық аккредиттеуінен үш мәрте сәтті өтті. Жыл сайын аурухана Қазақстан Республикасының медициналық мекемелер рейтингінде жетекші орындарға ие болады.