«2011 жылы Астанада стратегиямыз қабылданды. Ол анық және түсінікті. Халықаралық консультанттармен бірлесіп әзірленген. 5 бағыт, 16 бағдарлама қарастырылған. 10 жыл ішінде тиісті KPI бекітілді, біз консультанттарымызбен бірге жағдайды бақылап отырамыз. Біздің негізгі міндеттеріміз: біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігін басқару мәселелері, онда біз үкіметтермен бірлесіп жұмыс істейміз; екінші бағыт – гуманитарлық қолдауды қамтамасыз ету мәселелері; үшінші бағыт – елдеріміздің техникалық, ғылыми әлеуетін арттыру, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін дамытумен айналысамыз және тиісті ресурстарды жұмылдыруды қамтамасыз етеміз», – деп атап өтті спикер. 


Барлық 16 бағдарлама бойынша жұмыс басталды, тиісті бағдарламалық менеджерлер тағайындалды, 38 елдің әрқайсысында арнайы жұмыс топтары құрылды. Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрлігімен де белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.  


«Біз өз елдерімізге қалай қолдау көрсетеміз? Бұл жан-жақты қолдау: техникалық, ғылыми-зерттеуден бөлек, біз елдерімізге құрылымымыз – Тамақ өнеркәсібінің халықаралық ислам қауымдастығы арқылы көмектесеміз. Маңызды міндеттердің бірі – елдер арасында азық-түлік жеткізу бойынша ішкі нарық құру. Біз жүйелік мәселелерге баса назар аударамыз. Біз үшін ислам әлеміндегі көптеген проблемаларға тап болған елдердің (аштық, тойып тамақтанбау проблемалары) базалық деңгейде жұмыс істейтін ауыл шаруашылығын көтеру өте маңызды. Біздің міндетіміз – елдерімізде қосылған құнды арттыру», – деді Байдәулет.