Оның айтуынша, Президенттің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында министрлік келесі шараларды қабылдап жатыр.
Өнеркәсіп және көлік саласы
- Қорғаныс өнеркәсібін дамыту жөніндегі тұжырымдама әзірленді. Оның шеңберінде 2029 жылға дейін заманауи технологияларды трансферттеу және қару-жарақ пен әскери техниканың жетекші әлемдік өндірушілерімен өндірісті оқшаулауды ұлғайту жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.
- Отандық қайта өңдеушілерді базалық шикізатпен қолайлы бағамен қамтамасыз ету бойынша заңнамалық түзетулер пакеті дайындалды.
- Ауыл шаруашылығы техникасын лизинг бойынша қаржыландыру тетігінің 2 нұсқасы пысықталып жатыр: біріншісі – республикалық бюджет арқылы, екіншісі – ӨКМ Операторының қаражаты есебінен.
- 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеует Тұжырымдамасының жобасы әзірленді. Бекіту мерзімі – жылдың соңына дейін.
- 2029 жылдың соңына дейін 11 мың шақырым теміржол учаскелерін жөндеу жоспарланып отыр. 2023 жылы 882 шақырым теміржолда жұмыс жүргізілетін болады.
- Инфрақұрылымдық теміржол жобаларын іске асыру басталды. «Достық-Мойынты» учаскесінің екінші жолдарының құрылысы биыл қараша айында басталды. Қалған жобалар бойынша техникалық құжаттама әзірленіп жатыр.
- Республикалық маңызы бар автожолдар мен жергілікті желіні салу және реконструкциялау жалғасуда. 2029 жылдың соңына дейін республикалық маңызы бар және жергілікті маңызы бар 22 мыңнан астам автожолдың құрылысы мен жол жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланып отыр.
- Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ірі қалаларда электромобильдер үшін қажетті инфрақұрылымды құру жөніндегі Жол картасын әзірлеуге кірісті.
Құрылыс және ТКШ саласы
9. Халықты тұрғын үймен қамту бойынша шаралар қабылданып жатыр. 2023 жылы 15,3 млн шаршы метрден астам тұрғын үй немесе 143,5 мың тұрғын жай салу жоспарланып отыр.
10. Өңірлерде үлестік қатысуы бар проблемалық объектілердегі жұмыстарды аяқтау мақсатында инвесторларды тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Республика бойынша барлығы 44 проблемалық нысан бар, оның ішінде 2023 жылы 14 нысандағы жұмыстарды аяқтау жоспарда бар.
11. 17 қалада меншік иелерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша жаңғырту бағдарламалары бекітілді.
12. Тұрғын үй құрылысында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу бойынша 375 жоба іске асырылып жатыр. 2029 жылға дейін азаматтарға жеке құрылыс үшін бөлінетін 239 мың жер учаскесін коммуникациялармен жабдықтау жоспарда бар.
13. 2023 жылы қала халқының 98,7%-ын және ауыл халқының 96%-ын сумен жабдықтау қызметтерімен қамту жоспарлануда. 2025 жылға қарай барлық елді мекен сумен қамтамасыз етілетін болады.
14. Тұтынушылар үшін шекті шығындардың нормативін айқындау жөніндегі бірыңғай тәсіл үшін тұрғын үй көмегін ұсыну қағидаларына түзетулер әзірленді. Қаулы жобасы Үкіметке енгізілді.
«Мемлекет басшысының барлық тапсырмаcы 2029 жылға дейін үлестіріліп, Ұлттық экономика министрлігі әзірлеп жатқан Жол картасына енгізілген», — деді индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев.