БҰҰДБ-ның Қазақстандағы Тұрақты өкілінің м.а. Сухроб Ходжиматов БҰҰ Даму бағдарламасының жаһандық көзқарасы - теңсіздікті азайту және ғаламшарды қорғау үшін цифрлық технологиялар өзгерістердің басты драйвері болып табылатын әлем құру екенін атап өтті. 

«Сандық құралдар мен мәліметтер базасы арқылы біз болжамды талдауды, модельдеуді, жаһандық реакцияны және нәтижесінде көп қырлы өзгерістерді жақсартамыз», - деді Сухроб Ходжиматов.

Ол сондай-ақ Қазақстанда цифрландыру және азаматтардың цифрлық сауаттылығы саласындағы қол жеткізілген нәтижелермен мақтана алатынын атап өтті. 

Іс-шараға цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабеков қатысты. Ол өз сөзінде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан және орнықты даму мақсаттарына қол жеткізуге ықпал ететін цифрландыру жобалары бойынша мысалдар келтірді. 

Осылайша, бірінші мақсатқа - кедейлікті жоюға қол жеткізу шеңберінде отбасының цифрлық картасы және әлеуметтік әмиян құрылды, оны енгізу электрондық әмияндарға электрондық ақша түрінде әлеуметтік төлемдерді есептеуді көздейді. Вице-министр отбасының цифрлық картасы үшін жұмыс тобы Қазақстандағы БҰҰДБ көмегімен әзірленген көпөлшемді кедейлікті бағалау әдістемесін қолданғанын атап өтті. 

Ал үшінші мақсат - жақсы денсаулық пен әл-ауқат бойынша жұмыс барысында азаматтардың ұлттық электрондық денсаулық паспортын толыққанды және жан-жақты қалыптастыруға ықпал ететін eHealth электрондық денсаулық сақтаудың жаңа цифрлық архитектурасына көшу жұмыстары басталды. 

Сонымен қатар, Techno Women жобасы IT саласындағы гендерлік теңдікті ілгерілетудің жарқын мысалы болып табылады. Барлығы цифрлық даму министрлігі 17 ТДМ қатысты жобаларды әзірлеуде. 

«Цифрлық үкіметтердің» құрылуы және цифрлық трансформация бүгінде әлем алдында тұрған жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте ойын ережелерін өзгертетініне сенімдімін», - деп түйіндеді Мәлік Олжабеков.

Конференция аясында қатысушылар Қазақстандағы БҰҰДБ қолдауымен дайындалған бес ұлттық саябақ пен қорықтар бойынша виртуалды турлармен танысты. Енді смартфонның, ноутбуктің немесе планшеттің көмегімен туристер Қазақстанның таза табиғатымен танысып, жабайы жануарлардың мекендейтін жерлерін көре алады.