«Бұл әдеби сыйлықтың бір номинациясы арнайы «Балалар әдебиеті» бағытындағы қаламгерге арналады. Бұл балалар әдебиетіне тың туындылар қосылуға өз септігін тигізері сөзсіз. Бұдан бөлек, министрлік әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару жұмыстары аясында биыл балалар мен жасөспірімдерге арналған 23 еңбек 69 мың данамен мемлекеттік ұйымдар мен кітапханаларға тегін таратылуда. Олардың электронды нұсқалары Ұлттық академиялық кітапхананың электронды порталында орналастырылады. Бұл шығармалар еліміздің барлық кітапханаларына тегін таратылады. Ерекше тоқтала кететін шара - 7 желтоқсанда Балалар жылын қорытындылау мақсатында еліміздің барлық облыстарынан жиналған 40-қа жуық оқушыларды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік музыкалық драма театрында «Соңғы қоңырау» спектаклін тегін тамашалады», - деді вице-министр.


Сондай-ақ белсенді шығармашыл балалар қауымдастығын қалыптастыру, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, жас таланттарды анықтау мақсатында Республикалық жас патриоттар форумы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шара Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына орай да ұйымдастырылып отыр. Форум барысында 10 номинация бойынша әр өңірден жолданған үміткерлер арасынан 7-14 жас аралығында 30 жеңімпаз анықталып, марапатталады.