Оның айтуынша, елдегі күрделі әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімділігін арттыруға және азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған біршама жұмыстар атқарылды. 

«Ұлттық комиссияның 2022 жылғы қызметінің негізгі басымдықтары – бұл әлеуметтік-демографиялық даму, экономикалық мүмкіндіктер мен еңбек қатынастарын кеңейту, отбасы және мәдени адамгершілік даму, зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы іс-қимыл, балалар қауіпсіздігі, балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, гендерлік саясат және халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Әр басымдық бойынша комиссияда арнайы бағыт пен сараптамалық топтар құрылды. Осы мәселелер негізінен комиссияның отырыстарында талқыланды. Биыл ел алдында тұрған өзекті міндеттерді пысықтауға бағытталған бастамалар блогы кірді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы өзектендірілді, онда отбасы институтын дамытудың және гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетудің қазақстандық моделін нығайту шаралары қарастырылған», - деді спикер.