«Отырыстарда балалар мен жасөспірімдерді рухани-адамгершілік тәрбиелеу, кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу шаралары, ана мен бала өлімінің проблемалары, әйелдер мен балаларды жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардан қорғау, ерекше балалардың проблемаларын шешу және т. б. мәселелер талқыланды. Нақты көзқарас пен мәселелерді белсенді шешу талап етілді. Осы отырыстардың қорытындысы бойынша 157 хаттамалық тапсырма берілді. Бүгінгі таңда 33 тапсырма орындалды. Орындау мерзімі бойынша 74 тапсырма ұзақ мерзімді бақылауда», - деді комиссия төрағасының орынбасары.