Оның айтуынша, әйелдермен тұрақты негізде кездесулер өткізілді. Ұлттық комиссия мүшелері болып табылатын құқық қорғаушылар азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық консультациялық көмек, балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын құқықтық сүйемелдеу бойынша көмек көрсетеді.


«Ағымдағы кезеңде ұлттық комиссия шеңберінде өмірлік қиын жағдайға тап болған 30 әйелдің өтініші қаралды, ал аймақтық комиссия шеңберінде бұл күнделікті атқарылатын шаруа, Әйелдерге қатысты мәселелер автоматты түрде шешіліп жатады. Дүниежүзілік құндылықтарды шолу шеңберінде Қазақстан отбасы құндылықтарын өмірдегі маңызды басымдық деп санайтын мемлекет болып табылады. Бұған қарамастан шешілуі тиіс проблемалар бар. Сонымен қатар қоғамның тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғауға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға деген қажеттілігі жоғары. Осы орайда азаматтық сектормен бірлесіп ұлттық комиссия отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан жобасын жүзеге асырып отыр. Осыған байланысты әйелдер мен балаларды қорғау істерін тергеумен айналысатын адвокаттар мен заңгерлерге (60 адамға) алғаш рет тренинг ұйымдастырылды. Осы саладағы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыс тұрақты негізде жалғастырылатын болады», - деді Ляззат Сүлеймен.  


Сонымен қатар балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне жедел әрекет ету алгоритмі негізінде ведомствоаралық ден қою жүйесін күшейтуге мүмкіндік беретін және жергілікті жерлерде уәкілетті органдардың тиімді жұмысын қамтамасыз ететін жұмыс тобы құрылды.