«Бүгінгі таңда елімізде отбасылық-гендерлік проблемамен айналысатын 500-ге жуық ҮЕҰ жұмыс істейді. Олардың әрқайсысымен көптеген жобаларды бірге жүзеге асырып жатырмыз. Отбасылық құндылықтарды нығайту мәселелері бойынша, экономикалық, саяси белсенділікті ілгерілетуге байланысты жобалар өте көп. Олар өз нәтижесін кезең-кезеңімен беріп жатыр. Сонымен қатар әйелдер мен қыздардың басқарушылық әлеуеті мен саяси мәдениетін дамыту мақсатында «Томирис» жобасы іске асырылуда», - деді спикер.