«Өңірлерге сапарлар жасалады, инвесторлар өңірлік билік органдарымен жобаларды «әкелу» мәселелерін талқылауда. Өңірлерге 550 сапар жасалды. Биыл шетелдіктердің қатысуымен 36 ірі өндірістер жобасы пайдалануға беріледі. Президенттің тапсырмасы бойынша биыл инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулы қолжетімді болды. 935 жоба орналастырылған. Олардың барлығы шетелдік инвесторлардың да, отандық инвесторлардың да қатысуымен жүзеге асырылады. Оған өндіруші саланың, мұнай мен газдың, тұрғын үй құрылысы жөніндегі жобалар кірмейді. Құны 500 млн теңгеден асатын барлық басқа жобалар осы пулға кіреді. Бұл инвесторларға ыңғайлылы болуы үшін, Қазақстанда қандай салаларда қандай жобалар іске асырылып жатқанын және олардың бір бөлігіне қатыса алатынын көруі үшін жасалды, өйткені қосымша қаржыландыру қажет. Сонымен қатар Президенттің қоғамдық мониторинг пен халыққа қол жетімділікті жүзеге асыру жөніндегі тапсырмасы бар. Бұл жобалардың жалпы құны 32 трлн теңге», - деді спикер. 


Пул тоқсан сайын жаңартылып отырады және министрліктер мен әкімдіктердің сайттарында жарияланады, бұл инвесторларға да, жұртшылыққа да олардың іске асырылуын бақылауға мүмкіндік береді.
Осы жылы, 18,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын 2,3 трлн теңгелік 191 жоба пайдалануға берілмек, оның ішінде 156 жоба іске қосылды.