Оның ішінде Мемлекет басшысы мен бизнес капитандарының, сондай-ақ іскер топтардың қатысуымен жоғары деңгейдегі 5 инвестициялық іс-шара Америкада, Францияда, Түркияда, Сауд Арабиясында және Ресейде өтті.


«Бұл іс-шаралар Қазақстанның инвестициялық имиджін ілгерілетудің негізгі құралы және жаңа инвесторларды тарту алаңы болып табылады, өйткені іс-шараларда екіжақты кездесулер өткізіледі, бизнес капитандары қатысады, жобаларды Қазақстанда іске асырудың перспективалары мен шарттары талқыланады. Президентпен диалог инвесторларға сенімділік береді. Аталған алаңдар инвесторларға тікелей сұрақтар қоюға, кері байланыс пен кепілдіктер алуға және жобаларды іске асыру перспективаларын егжей - тегжейлі айтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті спикер.

Мысалы, қараша айының соңында Парижде Мемлекет басшысының қатысуымен өткен соңғы дөңгелек үстелге Alstom, Total Energies, PCM, Saint-Gobain, Airbus, Orano және т. б. сияқты ірі өндірістік алыптардың басшылары қатысты.