Отырыста қаралған мәселелердің бірі 2022 жылғы өрт қауіпті кезеңнің қорыындысы болды.

«Табиғи өрттер аса таралған проблема болды және солай қалуда. Биыл өрт қауіпті кезеңнің басынан бастап 800 орман және 111 дала өрті тіркелді», - деп Юрий Ильин атап өтті.

Сонымен бірге, Юрий Ильин Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне орман өрттерін ертерек табу жүйесін қолдану тәжірибесін күшейту қажет екенін атап өтті. Қазіргі уақытта осындай жүйе тек «Бурабай» табиғи паркі аумағында орнатылған. Онда мұнараға орнатылған бейнеамерелардың көмегімен орманның түкпір-түкпіріне дерлік бақылау жүргізіледі.

Премьер-Министр Әлихан Смаиловтың өрт және авиациялық техниканың су алуы үшін табиғи және жасанды су айдындарын жасау туралы тапсырмасы басты назарда екенін де еске салды. ЭГТРМ өңірлік әкімдіктерге Премьер-Министрдің тапсырмасын уақтылы және сапалы орындау үшін өзара іс-қимылды күшейтуді тапсырды.

Бұдан өзге облыстардың әкімдіктеріне қамыс өртенген жағдайда өрттің орман алқаптарына және азаматтардың тұрғын үйіне өтуіне жол бермеу үшін қамыс өсімдіктерін уақтылы ору жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасыт Нұрболат Дербісов өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау мақсатында 2022 жылы 15 мыңнан астам рейд жүргізілгенін атап өтті. Рейдтер нәтижелері бойынша 1,5 мыңнан астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жергілікті атқарушы органдарға елді мекендердің өрт қауіпті кезеңге дайын еместігі туралы 1,7 мыңнан астам ескерту табыс етілді.

Орман қорын күнделікті патрульдеу және табиғи өрттерді сөндіруге жедел ден қою  үшін ТЖМ мен Қазавиаорманкүзетінің авиациялық техникасы төтенше жағдай орнына жіберілді. Авиациялық техника өрттерді сөндіруге 712 рет жұмылдырылды.