Ауыл тұрғындары кәріз желілерін салуға және ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бөлуді сұрады. Ә.Қуантыров әкімдік тарапынан қаражат бөлуге тиісті бюджеттік өтінім жіберілу қажеттігін атап өтті. Өңірлерді дамыту мәселесіне әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымды салуға және жөндеуге басымдық беріледі. Қаржыландыру заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады.

Сондай-ақ, ҰЭМ басшысы ауылдық жерлерде инфрақұрылымды дамытудың негізгі құралы «Ауыл-ел бесігі» жобасы болып табылатынын айтты. Өңірде ондаған әлеуметтік нысандар салынды, жолдар жөнделді және осы бағдарлама бойынша көшелер жарықтандырылды.

«Жобаны іске асыру тетігін қайта қарау жоспарлануда. Атап айтқанда, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін күрделі және орташа жөндеу жөніндегі іс-шаралар жалпы сипаттағы трансферттер және жергілікті бюджеттер шеңберінде жүзеге асырылатын болады. Яғни, келесі жылдан бастап жөндеуге арналған ағымдағы шығыстар облыс әкімдіктерінің қарамағына берілетін болады. Әр аудан облыс әкімдігіне өтініш береді. Тиісінше, қаржыландыру үшін нысандарды әкімдік өзі таңдайды», - деді министр.

2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Жетісу облысында 12 ауылда 13 жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 4,5 млрд теңге бөлінді. Қаражат 11 әлеуметтік және 3 газбен жабдықтау нысанын жаңғыртуға бағытталды.

ҰЭМ басшысы жылына 1,3 млн тонна өнім шығаратын «Alacem» цемент зауытының жұмысымен танысты. Жетісу өңірінің Индустрияландыру картасына енгізілген кәсіпорын тікелей шетелдік инвестиция есебінен жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанындағы жағдай бойынша, зауыт 33 млрд теңгеден астам өнім өндірді. Кәсіпорын ең озық технологиялардың арқасында атмосфераға шығарындыларды азайтты. Зауытта 587 адам жұмыс істейді. Бюджетке түсетін салық түсімдері жылына 3 млрд теңгеден астам. Кәсіпорын мемлекеттік қолдау шараларынсыз жұмыс істейді.

Сарыөзекте Әлібек Қуантыров «Ауыл — Ел бесігі» шеңберінде 315,1 млн теңге сомасына күрделі жөндеу жүргізілген А.Сарыбаев атындағы мәдениет үйінде болды.

Кербұлақ ауданының Жоламан ауылында Әлібек Қуантыров 3000 басқа арналған мал бордақылау кешенінде болды. Кәсіпорын 2016 жылы пайдалануға берілді. Жылына 1373 тонна сиыр етін өндіре алатын кәсіпорын «ҚазАгроҚаржы» АҚ алдындағы қарызына байланысты 2019 жылдан бері жұмыс істемейді. Нысан қазіргі уақытта сатылымға шығарылған. Дегенмен, инвесторлар құны төмендеген жағдайда ғана сатып алып, бордақылау кешенін дамытып, іске қосуға дайын.

Ұлттық экономика министрі «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ құрылымына кіретін «ҚазАгроҚаржы» АҚ-на мәселені шешу жөнінде тиісті тапсырма берді.

Көксу ауданында Ақшатоған ауылында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында жолдарды жөндеуден, сумен қамтамасыз етуден және жарықтандырудан басқа, ауысымына 20 адам қабылдайтын фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Жобаның құны 142,3 млн теңгені құрайды. Екі ай ішінде мұнда тар профильді 14 маман жұмысқа қабылданды. Нысанның материалдық-техникалық жабдықталуы КТ аппаратымен толықтырылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде №5 орта мектебіне және соған қарасты мектепке дейінгі шағын орталығына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл Ақшатоған ауылындағы жалғыз мектеп. Аталған білім ордасы 1990 жылы салынған. «Ауыл – Ел бесігі» аясында 2021 жылы 494,2 млн теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Мектепте 25 балаға арналған шағын орталық және спорт залы бар.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы Балпық би ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне барды. Жобаның құны 702,3 млн теңгені құрайды. Бұл нысан «Ауыл – Ел бесігі» аясында салынды. Балалар үшін күрес, бокс секциялары, сонымен қатар волейбол үйірмесі мен спортзал бар.