Атап айтқанда, Экологиялық мониторинг нәтижелеріне сәйкес Ақтау қаласының атмосфералық ауаның ластануыжоғары ретінде сипатталады. Сондай-ақаспалы бөлшектердің (шаңның) жоғары мөлшері Маңғыстау өңіріне тән болғандықтан, ол қатты желмен байланысты, соның салдарынан шаң пайда болғандықтан табиғи фактор болып табылады. Алайда, аймақ бойынша ауаның өте жоғары ластану жағдайлары анықталған жоқ.

Осы жылдың 9 ай ішінде ел бойынша ауаға ластаушы заттар шығарындыларының 900 мың тоннаның 70 мың тоннасы Маңғыстау облысына тиесілі. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңінен 31,1 пайызға жоғары (53,3 мың тонна). Шығарындылардың өсу себептері көмірсутек шикізатының жаңа кен орындарын игеру және қолданыстағы кен орындарында мұнай мен газ өндіруді ұлғайту болып табылады. 

Өңірдің негізгі экологиялық проблемалары: радиоактивті қалдықтарды «Қошқар-Ата» қалдық қоймасына орналастыру, тарихи жинақталған мұнай қалдықтары, иесіз химиялық қалдықтарды орналастыру, карьерлер қызметінен шаңдану, қалдықтарды басқарудың жетілмеген жүйесі және тағы басқалар болып табылады.

Халықты алаңдататын басқа мәселе – бұл қалдықтарды басқару мәселелері. Осы жылдың 9 айы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі 31 пайызды құрады. Бұл былтырғы жылғы деңгейден 3,7 пайыздық тармаққа жоғары (27,3%).

Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділер мәселесі алаңдатады. Космомониторинг шеңберінде 108 қоқыс үйінділері анықталды, оның ішінде әкімдік деректері бойынша 72 пайыз немесе 67 қоқыс үйіндісі жойылды.

Қоқыс үйінділерінің пайда болу себептерінің бірі заңдастырылған қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының болмауы, облыс бойынша 23 полигонның 7 полигоны экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Облыстың кешенді дамуына сәйкес Боранқұл, Жыңғылды, Ақшұқыр, Сайын Шапағатов ауылдарында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарын, оның ішінде инвесторлар есебінен (700 млн теңге) салу жоспарлануда.

Жалпы ауданы 4,0 мың гектардан (4079 га) сәл асатын «Қошқар-Ата» қалдық қоймасының радиоактивті қалдықтарын рекультивациялау бойынша. Рекультивациялаудың сметалық құны 17,5 млрд теңгені құрайды.

2021-2022 жылдары 530 га қалпына келтірілді, оған 4,0 млрд.теңге екі жылға берілді. Келесі жылға 2,6 млрд теңге бөлінді. Жұмыс 2025 жылы аяқталады.

Ауданы 992 гектарды құрайтын Жаңаөзен қаласының маңындағы иесіз мұнай қалдықтары. Бүгінгі күнге 435 мың тонна немесе 620 гектар тазартылды (жалпы алаңның 63 пайызы). Жұмыстарды 2026 жылы аяқтау жоспарлануда.

Тағы бір ел аузындағы мәселе – Шетпе ауылының маңындағы карьерлердің қызметі болып табылады. Қиыршық тасты ұсақтаудан, тасымалдаудан және жарылыс жұмыстарынан шыққан шаң ауылдың атмосфералық ауасын ластайды.

Кәсіпорындарды (13 субъект) экологиялық тексеру нәтижелері бойынша 4 объектінің қызметі тоқтатылды, шаң тазалау қондырғыларын жарақтандыру, сейсмикалық қауіпсіздік пен жел бағытын ескере отырып, жару жұмыстары бойынша нұсқаулар берілді.

Облыс әкімдігі Шетпе ауылының айналасында жер қойнауын пайдалануға келісімшарттар (лицензиялар) жасасуды шектеу және жер қойнауын пайдаланушылармен бірлесіп қатты жабыны бар карьерішілік автожолдар салуды қамтамасыз ету ұсынылды.

Маңғыстау облысында жазғы кезеңде су тапшылығы туындайтыны көпке белгілі. Облыс «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырынан жабдықталады. Су құбырының тозуы 87 пайызды құрайды. «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы су құбырын реконструкциялау және жаңғыртуды екі кезекте жоспарлауда. Бірінші кезектегі жұмыстар келесі жылы басталады. Бүгінгі таңда министрлік жобаны Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігімен қарыз берушінің  (Еуразиялық Даму Банкі) шарттары бойынша келісу жұмыстарын жүргізуде.

Келесі жылы 3,5 мың адамнан тұратын 2 ауылдық елді мекенді (Ақшымырау және Қызан) сумен жабдықтауды жақсарту үшін «Қазба-Ақшымырау-Қызан» су құбырларын реконструкциялауға кірісуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылғы республикалық бюджетті 1-ші нақтылау кезінде, жобаны іске асыруды бастау үшін Қаржы министрлігіне бюджеттік өтінім беретін болады.

Министрліктің атына Каспий теңізі мен Қаракөл көлінің таяздануы бойынша шағымдар келіп түседі. Соңғы жылдары Каспий теңізінің таяздануы ағып жатқан өзендер арқылы су ағынының төмендеуі мен климаттық факторларға байланысты болды. Каспий теңізіне негізгі су ағыны Еділ (90%) және Жайық (2%) өзендерінен келеді.

Ресей тарапымен Жайық өзен бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Құжаттар шеңберінде каналдар мен суландыру жүйелерін реконструкциялау, ормандарды қалпына келтіру, рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою, жағалауды нығайту, түбін тереңдету, тазарту жұмыстары және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

Бұдан басқа, Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша Каспий теңізін зерттеу жөніндегі мемлекеттік ғылыми институт құру мәселесі пысықталуда.

Қаракөл көлінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында министрлік облыс әкімдігімен бірлесіп Қаракөл көлінен Каспий теңізіне құяр жеріне қатысты техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу туралы шешім қабылдады.