Оның айтуынша, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне мұқтаж адамдар оны тұрғылықты жеріне және орналасқан жеріне қарамастан ҚР аумағында алуға құқылы.

«Заңның 33-бабының 8-тармағында көрсетілген мән-жайлар болмаған кезде қылмыстық іс бойынша қабылданған тапсырмадан бас тартуға құқылы емес және және қорғалатын тұлғаның немесе адвокаттың өзiнiң көзқарасы бойынша сот төрелігіне сай емес үкiм шығарылған жағдайда, оған белгiленген тәртiппен шағым жасауға мiндеттi. Адвокаттың мемлекет кепілдік берген заң көмегі үшін адамнан төлем талап етуге құқығы жоқ. Заң көмегін көрсету саласындағы мемлекеттік саясат, ең алдымен, табысы төмен адамдарға қатысты осындай көмек көрсету жүйесін жетілдірудің басымдығын белгілейді. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, халықтың әлеуметтік осал топтарын білікті заң көмегімен толық қамту мақсатында адвокаттар мен заң кеңесшілерінің мемлекет кепілдік берген заң көмегінен өзгеше pro bono (кешенді әлеуметтік заң көмегін) көрсетуі көзделген. Мұндай көмекті адвокаттар мен заң консультанттары клиент заң көмегіне жүгінген сәттен бастап құқықтық жағдай шешілгенге дейін оны толық сүйемелдей отырып, өтеусіз және ерікті негізде көрсетеді», - деді спикер.


Кешенді әлеуметтік заң көмегі жүйесін енгізу Қазақстанның барлық өңірлерінде өзінің өзектілігін көрсетті және азаматтар арасында қызығушылық тудырады. Бүгінгі таңда ел бойынша кешенді әлеуметтік заң көмегі 2 мыңнан астам азаматқа көрсетілді.