Сонымен қатар мемлекет кепілдік берген заң көмегін төлеуге қатысты, спикер Әділет министрлігі адвокаттар алқасы ұсынған адвокаттар көрсеткен заң көмегіне ақы төлеу туралы өтінім негізінде заң көмегіне ақы төлеуді және қорғаумен, өкілдікпен байланысты шығыстарды өтеуді мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету туралы келісімдер жасасқан адвокаттар мен заң консультанттарға жүргізеді.

«Адвокаттардың, заң консультанттардың заң көмегін көрсеткені үшін ақы төлеу ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. Аталған қаулы құқықтық кеңес беруді, қорғауды және өкілдік етуді, сондай-ақ, татуластыру рәсімдерін жүргізуді ұсынатын адвокаттар мен заң консультанттарының заң көмегінің бір сағаты үшін мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеуді, тиісті қаржы жылына АЕК-ке еселенген мөлшерде көздейді. Мысалы аса ауыр қылмыстар бойынша 1,15 АЕК, ауыр қылмыстар бойынша 0,78 АЕК, әкімшілік және азаматтық істер бойынша 0,56 АЕК. Төлем сондай-ақ «процестік әрекеттің не сот отырысының басталуын күтуді» қылмыстық немесе азаматтық істің материалдарымен танысуды, күзетте ұсталатын қорғаудағы тұлғаға баруды және т. б. қамтиды. Бұдан басқа, заң көмегін көрсету үшін ҚР шегінде басқа жерге баратын адвокаттарға мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде шығыстар өтеледі», - деді А. Мұқанова.


Сонымен қатар Әділет министрлігі заң көмегін көрсету уақытын 1 сағатқа дейін дөңгелектеуге қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер әзірлеп, мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы төлеу мөлшерін ұлғайту мәселесін талдауда.