Кездесу барысында Арман Шәкқалиев негізгі азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін Үкімет қабылдаған шараларға тоқталды.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, баға белгілеудің барлық тізбегі бойынша делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы күшейтілді, олардың негізгі міндеттері өнімсіз делдалдарды анықтау және болдырмау болып табылады.

«Өнімсіз делдалдар осы ЭШФ деректері арқылы өңірлердегі ӘМАТ өндірушілерімен және сатушыларымен анықталған бұзушылықтар тәуекелдерін одан әрі егжей-тегжейлі пысықтай отырып анықталатын болады. Өндірушілермен және көтерме саудагерлермен жұмыс істеуге басты назар аударылатын болады, өнім бағасының өсу себептері анықталатын болады, нарық субъектілері үшін сауда туралы заңнаманың қолданыстағы нормалары түсіндірілетін болады», - деп атап өтті Арман Шакқалиев.

Бірінші вице-министр хабарлағандай, өңір тұрғындарынан келіп түскен өтініштер негізінде 49 сауда нүктесі тексерілді, оның 37-сіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында республика бойынша бүгінгі күні сауда үстемесін 10% - ға дейін төмендету туралы ірі сауда объектілерімен 130-дан астам меморандумға қол қойылды. Бұл жұмыс Қызылорда облысында да жүргізілуде, Аталған меморандумға «Әл-Асад», «Қызылорда», «Анвар», «Ажар Сити», «Радуга» және «Фуд Маркет» сияқты ірі супермаркеттер қол қойды.

Сонымен қатар, өңір Меркі қант зауытымен айналым схемалары бойынша қаржыландырудың жаңа тетіктері бойынша шамамен 1083 млн теңге сомаға қарыз шарттарын жасасты.