Кездесудің мақсаты Президенттің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде айтылған бастамасын іске асыру тәсілдерін талқылау.

Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әр отбасы елдің ұлттық байлығын пайдаланудан нақты пайда табуы керек. 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50% - балалардың арнайы жинақтау шоттарына аудару жоспарлануда.

Президенттің бұл бастамасын іске асыру үшін 18 жасқа дейінгі барлық балаларға АҚШ долларымен дербес жинақтау шоттарын ашу қарастырылуда. Шоттарға инвестициялық кірістің 50% есептеу жыл сайын жүзеге асырылатын болады.

Үкімет мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп заңнамаға қажетті өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейтін болады. Бағдарламаны іске қосу 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жоспарланып отыр және бұл түзетулер 2023 жылдың соңына дейін қабылданады деп жоспарлануда.

Сараптамалық қоғамдастықтың барлық айтылған ұсынымдары, пікірлері, түсініктемелері «Ұлттық қор – балаларға» жобасын дайындау процесінде ескерілетін болады.