2023 жылы Теңізде Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасы аяқталады, ол Келешекте кеңейту жобасы аяқталған кезде кен орнында жұмыс істейтін зауыттардың өңдеу қуаттарының толық жүктелуін қамтамасыз етеді.

«Қарашығанақ кен орнының жобасында 4-ші газды кері айдау компрессоры іске қосылды. 5-ші компрессорды іске асыру басталды, оның құны шамамен 1 млрд доллар, сондай-ақ 735 млн доллар сомасына 6-шы компрессор салу бойынша түпкілікті инвестициялық шешім қабылданды. Бұл жобалар кен орнында өндіруді жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған. Қашаған кен орнында қуаты 1 млрд текше метр ілеспе газды өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталды. Бұдан басқа, мұнай мен газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесі іске қосылды және пайдалануға берілді, ол бүгінгі таңда мұнай айналымының 95%-ын бақылауға мүмкіндік береді», - деді спикер.


Еліміздің экономикасы үшін жоғарыда аталған жобалардың тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылы шетелдік әріптестермен бірлесіп Ірі мұнай-газ жобаларын дамытудың кешенді жоспары әзірленетін болады. Қашағанда (2А-2Б фазасы) қуаты 2 млрд текше метрден 8 млрд текше метрге дейінгі газ өңдеу зауытының құрылысын тұжырымдамалық жобалау жүзеге асырылатын болады.