Бұған дейін екі елдің экология министрлерінің кездесуі 2022 жылдың 30 қарашасында Қазақстанда су құбыры салынатын жерде өткен болатын.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар су құбырын жаңа режимде (тәулігіне 200 мың м3) пайдалану басталғанға дейін, су шаруашылығы жағдайын, су тартудың жұмыс тәртібін (1-кезек) әзірлеуге және оны бірлескен Ресей-Қазақстан комиссиясының отырысында бекітуге келісті.

Қазақстандық тарап 2032 жылға арналған магистральдық су құбырының 2-ші кезегінің жобалау - сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде, жобаға 2032-2050 жылдарға арналған гидрологиялық режим болжамының математикалық моделін есептеп, оны Ресей тарапының қарауына жібереді.

Сонымен қатар, 2024 жылдан бастап жыл сайын Кигач өзенін қалпына келтіру шараларын жүргізу үшін өзен балықтарын шығарады деп шешілді. Ресей тарапы балық өсіру материалының қажетті көлемін өзара тиімді негізде беруге дайын екендігін білдірді.

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап ғылыми-зерттеу ұйымдар балық қорғау құрылыстарының тиімділігін жыл сайын тұрақты зерделейді. Зерттеу негізінде, келесі кезеңде «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырына Қиғаш каналынан су алудан келтіретін залалды түзету мүмкіншілігі ашылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Тараптар жұмыс кездесуінің хаттамасына қол қойды.