Оның айтуынша, биыл құқыққа қарсы бағыттағы 4 мыңнан астам интернет-ресурс анықталып, бұғатталған. «Балалар жылын» өткізу жөніндегі ведомстволық жоспар шеңберінде имидждік, әскери-патриоттық және профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Мектептердегі қауіпсіздік, заңнама, бейтаныс адамдармен және қоғамдық орындарда жүріс-тұрыс ережелері туралы оқыту сабақтары ұйымдастырылды.
«Біз «BAQ.KZ» ақпарат агенттігімен бірлесіп, «Бала – бастау жолы» жобасын іске қостық, оның ішінде балалардың жолдардағы қауіпсіз мінез-құлқы бойынша профилактикалық сабақтар мен тренингтер өткізіледі. Сабақтарда полицейлер оқушыларға жарақаттанудан аулақ болу үшін қалай мұқият болу керектігі, жол белгілерінің не үшін қажет және бағдаршам қандай функцияны атқаратыны жайлы айтылады. Өткізілген іс-шаралардан ақпарат БАҚ-та және әлеуметтік желілер беттерінде кеңінен жарияланады. Бұл балаларға белгілі бір әсер етеді. Тәртіп сақшылары Петропавл қаласында полицияның тапсырысы бойынша түсірілген 400 оқушыға «Соли и спайсы» и «Дорога в никуда» фильмдерін көрсетті. Оқушылар мен студенттер ішкі істер органдары мекемелеріне барып, учаскелік инспекторлар мен патрульдеушілердің қызметтік автокөліктері көрсетілді. Балалар көп әсер алды. Сәуір айында кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған «Мен және менің полицейім» атты акция өткізілді», - деді полковник.
Жазғы демалыс басталар алдында және оқу жылы қарсаңында балаларда жолдарда қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын бекіту үшін «Назар аударыңыз – балалар!» айлықтары өткізілді.