Көрсетілген Қағидаларда автомобильдер қандай жағдайларда 200 000 теңге мөлшерінде алым мөлшерлемесін төлей отырып және утиль алымнан босатыла отырып, жария етілуге жататын нақты өлшемшарттар белгіленген.


Министр орынбасарының айтуынша, көлік 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін елге әкелінуі керек, іздеуде болмауы тиіс, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылып, кедендік тазартудан өтуі қажет.


«Ережелер 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін күшінде болады және жеңіл автокөліктерге, шағын, орта автобустарға (толық салмағы 5 тоннаға дейін) және шағын жүк автокөліктеріне (толық салмағы 3,5 тоннаға дейін), оның ішінде басқару органдарының оң жақты орналасуына қолданылады», - деді спикер.