Оның ақпаратына сәйкес, Отбасының цифрлық картасының пилоттық режимі кезеңінде азаматтарға әлеуметтік төлемдердің қандай да бір түрін алу құқығы туралы 58 мыңға жуық SMS-хабарлама жіберілді. Оған 12,9 мыңға жуық азамат жауап берді. 

«Екі мәселе бар. Біріншісі: біз телефондарға смс-хабарламалар жіберген кезде, көп адамның нөмірлерін өзгерткені белгілі болды. Осыған байланысты әкімдіктер немесе жергілікті жұмыспен қамту орталықтары арқылы мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алу құқығы туралы хабарламалар көп жібердік. Екінші мәселе, 10 мың адам ақпарат алып, ХҚКО-ға барып, өтініш жазды, бірақ оларға проактивті форматта көмек көрсетілді. Менің ойымша, бастауы жақсы. Уақыт өте келе проактивтіліктің қажетті деңгейіне шығамыз», - деп атап өтті Т. Дүйсенова. 

Министрлік өкілдерінің пікірінше, цифрлық технологияларды кеңінен қолдану мемлекет көрсететін әлеуметтік қолдау шараларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2023 жылы проактивті қызметтердің үлесін олардың жалпы санының 60%-на дейін жеткізу жоспарлануда.