Алқа отырысына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қатысты.

Алқа отырысының алдында Роман Скялр Дағдарыс жағдайында басқару орталығының жедел-қызметтік жұмысымен танысты, онда жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық мониторинг жүргізу, термиялық ауытқуларды анықтау арқылы табиғи өрттерге мониторинг жүргізу, республикалық автомобиль жолдарындағы қозғалысты жабу және шектеу, жер сілкіністерінің сейсмикалық мониторинг жүргізу, ақпараттық жүйе деректері жүйелерінің жұмысы көрсетілді.

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ТЖМ қызметінің қорытындысы бойынша баяандамасында кәсіби қызмет жағынан алғанда соңғы жыл күрделі болды, бірақ министрлік барлық қойылған міндеттерді орындады.

«Өткен жылы елімізде 13 мыңнан астам  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде ТЖ-да қайтыс болғандардың саны 26%-ға азайды», - деп Юрий Ильин хабарлады.

Сонымен қатар «ТЖМ бөлімшелері 2022 жылы 80-нен астам рет төтенше жағдайлар орнына шықты, 12 мыңнан астам адамды құтқарды, 13 мыңнан астам адамды эвакуациялады, 4,5 мыңға жуық азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетілді», - деп Юрий Ильин қосты.

Табиғи және техногендік сипаттағы аса ірі төтенше жағдайларды жою көршілес өңірлерден топтарды тартуды талап етті, бұл күрделі жағдайларда залал мен шығынды барынша азайтуға мүмкіндік берді.

ТЖ алдын алу және оларды жою жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру жоспарлы негізде жалғасуда.

Алқа отырысының бірінші бөлігінде бірінші вице-министр Ибрагим Күлшімбаев, вице-министрлер Марат Күлдіков пен Мереке Пішембаев жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Алқа отырысының бірінші бөлігінің қорытындысын шығара келе Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр өзекті проблемалық мәселелерді жүйелі шешуді талап ететін бірқатар бағыттарды белгіледі, сондай-ақ алдын алу шараларын қабылдау үшін ТЖМ үйлестіруші рөлін нығайту қажеттігін атап өтті, ұжымға 2022 жылы атқарылған күрделі жұмысы үшін алғысын білдірді.