Тіркеуге  2022 жылғы 3 желтоқсанда өткізілген саяси партия құру туралы құрылтай съезі, сондай-ақ «Саяси партиялар туралы» Заңның 6-10-баптарында көрсетілген құжаттар негіз болды.

Тіркеуге ұсынылған құжаттар қолданыстағы заңнамаға сәйкес тексерілді және тіркеу талаптарына сай деп танылды.

Осыған орай, 2023 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 7 саяси партия тіркелген:

 1. «Amanat» партиясы;

 2. «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы;

 3. Қазақстан Халық партиясы;

4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы;

5. «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия»;

6. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;

7. «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігі.