Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы


«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабының 14) тармақшасына, 101-бабының 3-тармағына, 103-бабының 7-тармағына, 104-бабының 8-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 2023 жылғы 19 қаңтардағы № 105 Жарлығының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2023 жылғы 19 наурызға Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы тағайындалсын.

2. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну және өзін-өзі ұсыну мерзімдері 2023 жылғы 20 қаңтардан бастап 2023 жылғы 8 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленсін.

3. Партиялық тізімдерді, кандидаттарды тіркеу мерзімінің 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталатыны белгіленсін.

4. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, Республика астанасының, қалалардың, аудандардың аумақтық сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізуді қамтамасыз етсін.  

5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

Төраға    Н. Әбдіров

Хатшы    М. Ерман

 

Астана қаласы,

2023 жылғы 20 қаңтар,

№ 18/669