Қазіргі таңда Республика аумағындағы ірі су қоймалар бойынша орташа толу 60-70 % құрайды. Ірі су қоймаларына ағынның күтілетін көлемі норма шегінде. Барлық су қоймаларында су қабылдауға арналған бос көлемдер бар.
Сонымен қатар, республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп бекітілді, объектілерді тексеру актілері мен дайындық паспорттары, сондай-ақ ТЖ туындау қаупі дәрежесі бойынша су шаруашылығы объектілерінің тізбелері жасалды.
«Республиканың су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде министрлік суды қауіпсіз өткізу мақсатында мынадай іс-шараларды жүзеге асыруда: кезекшілік кестесі бекітілді, Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде; гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімге байланысты режим кестелері бекітілді; «Қазсушар» РМК филиалдарының және бассейндік инспекциялардың өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына енгізілді; министрлікпен көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде су жинақтау көлемі талданатын болады; «Қазсушар» РМК филиалдарында ТЖ туындаған жағдайда: автокөлік және арнайы техника - 1403 бірлік, ЖЖМ – 3500,0 тн. дайындалды, инертті материалдар – 50 000 тонна, қаптар – 38 200 дана дайындалған жәнежалпы ұзындығы 150шақырымболатын кіреберіс және пайдалану жолдарынан қар тазарту жұмыстары атқарылған», – деді ҚР ЭТРМ Су ресурстар комитеті төраға міндетін атқарушы Досбол Бекмағамбетов.
Сондай-ақ, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдай отырып, су тасқыны қауіпті аймақтарға алдын-ала баға берілді.
Гидрометео жағдайлар күрт өзгерген жағдайда «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы дауылды ескертулермен алдын ала 2-3 тәулік бұрын хабардар ететін болады.