«Мәселен, Шымкентте бағдарламаның 8 орындаушысынан 56 млн теңгеге заң бұзушылықтар анықталды. Олардың ішінде 30,7 млн – процессуалдық бұзушылықтар, ал 25,4 млн теңге мемлекеттік бюджетке қайтарылды. Біз бұл мәселені 2022 жылдың наурыз айында анықтап, нақты фактілер бойынша жымқыруды бірінші болып көрсеттік. Қоғамдық мониторинг қорытындысы басқа өңірлердегі түрлі құзырлы органдарына жолданып, қомақты қаржы жымқыру жағдайлары жайлы хабарланды», - деді спикер.

Бұл ретте ол азаматтардың сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысуы миллиардтаған қаржыны жымқыру мен бақылаусыз қалуын тоқтатып қана қоймай, сонымен қатар лауазымды тұлғалар тарапынан заң бұзушылықтардың алдын алуға, түрлі жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге көмектескенін атап өтті.