Қазақстан тарихында алғаш рет осы мамандық бойынша 10 магистр оқуын тәмамдады. Оларға көптен күткен дипломдарын ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (БҚДА) Төрағасы Марат Омаров және М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев табыстады.

«Бәсекелестікті дамытуға атсалысу және проактивті Бәсекелестік саясатты енгізу Президент қызметінің басым бағыты болып жарияланды. Өткен жылдың ақпан айында, еліміздің тарихында тұңғыш рет, БҚДА М. С.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ оқу орнымен бірлесіп, «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша магистрлік бағдарламаны ашты. Бұл монополияға қарсы заңнама саласында арнайы білімі бар дипломды кадрларды даярлау үшін институционалдық негіз болды. Осы бағдарламаның алғашқы легінің білімін аяқатуы біз үшін тарихи маңызы бар сәт. Түлектер тәуелсіз Қазақстанның нарықтық экономикасының дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдімін», - деді Агенттік басшысы Марат Омаров.

Барлық қабылданған шешімдер мен шаралар монополияға қарсы қызметтің ел экономикасын дамытуға қосқан үлесі мен маңыздылығын айғақтайды.

Қазіргі уақытта оқыту бағдарламасы бірегей және магистранттарға қызметі мен оқуын ұштастыра отырып, сапалы білім алуға мүмкіндік береді. Ол кәсіпкерлерден бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлеріне дейін, яғни кең аудиторияға қолжетімді.

Оқыту аясында магистрлік жобаларын сәтті қорғаған 10 магистрантқа «Құқық магистрі» дәрежесі берілді. Олардың қатарында корпоративтік сектордың өкілдері, сондай – ақ БҚДА қызметкері-персоналды басқару басқармас директоры Қабдолдақызы Жанна да бар.

Дипломды мамандардың пайда болуын, сондай-ақ қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру мақсатында БҚДА қазір «Бәсекелестік құқық» мамандығы бойынша магистратураның болуы туралы монополияға қарсы органның лауазымдары үшін біліктілік талаптарының жинағына енгізу мәселесін пысықтауда.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылғы қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жаңа экономикалық бағыттың басымдықтарының бірі деп - бәсекелестікті дамытуды атады.

«Мемлекеттік аппараттың алдында институционалдық шешімдерді талап ететін экономиканы одан әрі монополиясыздандыру міндеттері тұр. Сондықтан, «бәсекелестік құқық»магистрлік бағдарламасының өзектілігі, менің ойымша, өте жоғары және оның түлектері мемлекеттік қызметте және экономиканың барлық салаларында сұранысқа ие болады. Осыны ескере отырып, біз осы бірегей тәжірибені кеңейтуді және еліміздің үздік университеттерінде осындай бағдарламаларды ашуды жалғастырамыз», - деп атап өтті Марат Омаров.

Іс-шара соңында Агенттік Төрағасы түлектерді оқуын сәтті аяқтап, магистр дәрежесін алуымен құттықтап, университеттің профессор-оқытушылар құрамына алғысын білдірді.

«Бәсекелестік құқық» білім беру бағдарламасы - Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті және «INCOCLIP» халықаралық бәсекелестік құқық, инновациялар және саясат орталығының бірлескен жобасы.

Бағдарламаның мақсаты - коммерциялық практиканың әртүрлі нысандарын жүзеге асыруда заңдылықты қамтамасыз ету саласында құзыреті бар басшылар мен заңгерлердің жаңа моделін қалыптастыру.