Бұдан басқа, 2021 жылғы ақпанда іске қосылған «Азаматтардың өтініштерін омниканалды қабылдау» жобасын халық полициямен өзара іс-қимыл жасау үшін белсенді пайдаланып жатыр.
Елорда тұрғындары мен қонақтары «102» тікелей арнасынан бөлек, «Рolice 102» мобильді қосымшасы арқылы да полицияға хабарласа алады. Аталған жоба аясында 4399 ОМН-өтініш қабылданды, оның ішінде 162 бейне-қоңырау және 4237 мәтіндік хабарлама болды.
Ұялы немесе өзге де байланыс болмаған жағдайларда полицияны шұғыл шақыру мүмкіндігі үшін елордада «SOS дабыл батырмасы» жобасы іске асырылды. Қала көшелерінде, саябақтар мен гүлзарларда 15 арнайы құрылғы орнатылған. Жоба басталғаннан бері 70-тен астам нақты өтініш келіп түскен.
Негізгі келіп түскен қоңыраулар тыныштықты бұзу, қоқыс шығару, жол қозғалысы ережелерін бұзу және т.б. сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықтармен байланысты.
ПД жедел басқару орталығына 29 мыңнан астам бақылау камерасы шығарылды, олардың бір бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламалары шеңберінде орнатылған және жұмыс істейді.
2022 жылы бейнебақылау камераларының көмегімен полиция қызметкерлері 3 233 қылмысты (оның ішінде 4 кісі өлтіру, 2 қарақшылық шабуыл, 127 тонау, 2500-ден астам жеке мүлікті ұрлау) және 30 мың әкімшілік құқық бұзушылықты ашты.
Жедел басқару орталығы тұрақты негізде қоғамдық тәртіпті бұзуды бақылау және болдырмау мақсатында қаланың көңіл көтеретін мекемелерінің жұмыс орындарында криминогендік жағдайға мониторинг жүргізеді.