Оның мәліметінше, былтыр Ұлттық аккредиттеу орталығында жалпы 4108 аккредиттеу жұмыстары жүргізілді. Олар 100 мыңнан астам сәйкестікті растау құжатын берді. 

«Бүгінгі таңда шығарылатын өнімнің кез келген түрінің қолданыстағы сапа және қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін мұқият жүргізілген зертханалар сынақтарының негізінде ғана анықтауға болады. Заманауи зертханалық жабдықтар барлық жоспарланған зерттеулер мен талдауларды жылдам және жоғары дәлдікпен жүргізуге, басқарылатын объекті немесе процес туралы қажетті мәліметті алуға мүмкіндік береді. Осыған байланысты мемлекет ұлттық зертханалық базаны дамыту мен жаңғыртуға қадам жасады», - деді спикер.