Ол республиканың су тасқынынан өту қаупі жоғары өңірлерінде суды қауіпсіз өткізу мақсатында жүзеге асырылатын іс-шараларға тоқталды.

«Қазсушар» РМК базасында министрліктің су тасқыны кезінде қызмет жасайтын жедел штабы құрылды және филиалдар базасында жергілікті облыстық жедел штабтары қызмет атқарады; кезекшілік кестесі бекітілді, Су шаруашылығы жағдайына тұрақты мониторинг жүргізілуде; республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суларды апатсыз өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді; гидротехникалық құрылыстарды пайдалану қағидаларына сәйкес әрбір су қоймасы үшін су қоймаларын толтыруға және күтілетін түсімге байланысты режим кестелері бекітілді; су тасқыны кезеңі басталғанға дейін пайдалану қызметтері бекітілген кестелерге сәйкес су тасқыны суларын жинақтау үшін су қоймаларындағы бос сыйымдылықтардың қажетті қорын қамтамасыз етеді; сонымен қатар «Қазсушар» РМК филиалдарының және бассейндік инспекциялардың өкілдері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссиялардың құрамына енгізілді; министрлікпен көрші мемлекеттерде орналасқан трансшекаралық су объектілерінде су жинақтау көлемі туралы мәліметтер талданады; гидротехникалық құрылыстардың пайдалану қызметтері су шаруашылығы жағдайына бақылау жүргізеді, гидротехникалық құрылыстар ағымдағы су шаруашылығы жағдайын ескере отырып, пайдалану қағидаларына сәйкес штаттық режимде пайдаланылады», - деді Азидуллин.


Оның айтуынша, «Қазсушар» РМК филиалдарында ТЖ туындаған жағдайда 1403 бірлік автокөлік және арнайы техника, 3500 тонна жанар-жағармай дайындалды, инертті материалдар – 50 000 тонна, қаптар – 38 200 дана, кіреберіс және пайдалану жолдарынан қар тазартылды - 150 шақырым.


Жалпы республикалық меншіктегі объектілердегі су шаруашылық жағдай Экология және табиғи ресурстар министрлігінің ерекше бақылауында.