Агенттік төрағасы Әсет Ерғалиев Агенттік жаңа салық саясатына қатысты өзінің тұжырымдамалық көзқарасы мен тәсілдерін пысықтап әзірлегенін атап өтіп.

Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Төлеуов өз сөзінде қолданыстағы салық саясатын талдап, салық заңнамасын қайта өзгертудің алғышарттарын белгіледі.

Қазақстанның жаңа салық саясаты моделінің жобасын таныстырды және арнаулы салық режимдерін оңтайландыруды қоса алғанда, салықтардың жекелеген түрлерін реформалау тәсілдеріне тоқталды.

Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин ведомствоның ұстанымын айта отырып, жаңа Салық кодексінің салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі, салықтық бақылауды цифрландыру, салықтық жеңілдіктердің тиімділігін арттыру және тағы да басқа негізгі міндеттерін атап өтті.

«Атамекен» ҰКП Төралқасының төрағасы Райымбек Баталов жаңа кодексті әзірлеуде салалық ерекшеліктерді есепке алу қажеттілігіне назар аударды. Аталғанды ескере отырып, Палата осы аспектіні бірлесіп терең зерттеу жүргізу бойынша күш-жігерді біріктіруге үндеді.

Жиын қорытындысында Әсет Ерғалиев жаңа Салық кодексі макроэкономикалық құрамдас бөліктер мен салалық ерекшелікті ескеретінін айтты. Осыған байланысты ол іс-қимылдың одан әрі бірыңғай алгоритмін әзірлеуді ұсынды. Сондай-ақ жиын қатысушыларын халық пен бизнестің сұраныстарын да, мемлекет алдында тұрған міндеттерді де ескеретін жаңа Салық кодексін әзірлеу үшін бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.