Оның айтуынша, Дәрілік заттарды сараптаудың ұлттық орталығы жыл сайын дәрілік заттарға 6 мыңға жуық және медициналық бұйымдарға 5 мыңға жуық сараптама жүргізеді, оның ішінде 2022 жылы дәрілік заттардың 117 атауына және медициналық бұйымдардың 164 атауына теріс қорытынды берілді, яғни олардың нарыққа жіберілуіне рұқсат берілмеді.

«2014 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттарды сараптау және тіркеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілер бекітілді. Әзірленген нормативтер халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттермен дәрілік заттарды тіркеу жұмысы жүзеге асырылды. Аса қауіпті жұқпалы аурулардың туындауы, таралуы, сондай-ақ дәрі тапшылығының болған жағдайда ұлттық заңнама бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге мүмкіндік береді. Осыған орай, Министрлік Денсаулық туралы кодекске стратегиялық маңызды дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеуге мүмкіндік беретін сәйкес өзгерістер енгізді. Ұлттық тіркеу талаптары ЕурАзЭҚ талаптарына және халықаралық нормаларға сай», - деді спикер.