Оның айтуынша, тестілеуге дайындықты жақсарту мақсатында оқу жылының басында информатика бойынша ҰБТ-да кездесетін 84 терминнің тізімі жарияланды. 

«Тестілеу барысында қазақ тілінде тапсырушылар үшін терминдердің орысша және ағылшынша, орыс тілінде тапсырушыларға қазақша және ағылшынша, ағылшынша тапсырушыларға қазақша және орысша аудармасы ұсынылады. «Математика-Информатика» комбинациясын пилоттық режимде 2022 жылы наурыз ҰБТ-сында 900-ға жуық бала тапсырды. Сондай-ақ барлық талапкерлер үшін тестілеуде компьютер  экрандарында калькулятор, Менделеев  және ерігіштік кестесі қолжетімді болады. Сонымен қатар тестілеу пәнінің спецификациялары, тест жоспары, Қазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихынан 100 дата, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті пәндерінен шығармалар тізімі орталық сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланды», - деді спикер. 


Руслан Емелбаев 2022-2023 оқу жылының басынан бастап ҰТО отандық жоғары оқу орындарымен бірлесіп өңірлерде мектеп түлектеріне ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті. Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесулер жоғары оқу орындарының базасында ұйымдастырылды.