«Әскери колледжге түсуге құқығы барлар: әскери қызмет өткермеген, қабылданған жылы 17 жасқа толған, бірақ 22 жастан аспаған азаматтар; әскери қызмет өткерген азаматтар және міндетті әскери қызмет өткеріп жатқан әскери қызметкерлер қабылданған жылы 24 жасқа толғанға дейін; әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер 25 жасқа толғанға дейін шарт жасайды», - деді Ж. Ахметов.
Азаматтарды әскери колледжге қабылдау 1-20 тамыз аралығында өтеді.
Қабылдау комиссияларының шешімдері 21 тамыз сағат 10.00-ге дейін жарияланады және интернет-ресурста орналастырылады.
С.Нұрмағамбетов атындағы әскери колледжде «Әскери істегі автоматтандыру және инфокоммуникациялық технологиялар», «Қару-жарақ пен әскери техникаға қызмет көрсету», «Әскери істегі кіші буын менеджменті» осы үш мамандық бойынша 2 жыл 10 ай оқу мерзімімен негізгі орта білім негізінде техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады.
«Колледж жеткіншектерді оқу орнының 9 сыныбын қабылдау жылы бітірген орта білім алып, негізгі орта білімді аяқтағаны туралы аттестат алған, жасы 15-тен кіші емес, бірақ 16 жастан асқан Қазақстан Республикасының азаматтарын қабылдайды», - деді спикер.