«Биыл 16 ел фестивальға қатысуға ниет білдіріп отыр. Қызықты қойылымдар болады деп ойлаймыз. Үндістан, Түркия, Италия, Марокко, Франция, Қырғызстан, Куба, Әзербайжан, Өзбекстан елдерінен қонақтар келеді. Фестивальдің әр күні шетелдік әртістер өнер көрсетіп, кино көрсетілімдер, сәндік-қолданбалы өнер көрмесі мен шеберлік сыныптар ұйымдастырылатын болады», – деді спикер.


Сондай-ақ биыл Қазақстанның халық әртісі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ дәстүрлі классикалық, эстрадалық және театрлық өнер жанрларында жаңа туындылар жазуға және дәріптеуге арналған фестивальдер жалғассын табады. 


«Қазақконцерттің» шығармашылық ұжымдары қазақ өнерін тек елімізде ғана емес, шет мемлекетерде де танытып жүргендері белгілі. «Forte Trio» мемлекеттік триосы көптеген елдерде тұрақты түрде өнер көрсетіп тұрады. «Forte Trio» 2023 жылы әлем бойынша тур ұйымдастырмақ. Атап айтқанда, трио Оңтүстік және Солтүстік Америкада, Нью-Йоркте, Лондонда, Люксембургте, Италияда, Францияда, Германияда және т.б. елдерде концерттер өткізеді», - деді спикер.