Оның мәліметінше, бүгінгі таңда көмірсутектер бойынша 276 келісімшарт қолданылады, оның ішінде Өнімді бөлу туралы келісім – 9, барлауға – 137, өндіруге – 130. 

«2022 жылдың қорытындысы бойынша жер қойнауын пайдалануға салынған инвестициялар сомасы 7,7 трлн теңгені құрады, оның ішінде өндіруге – 2,8 трлн теңге, геологиялық барлауға - 135,7 млрд теңге, 4,7 трлн теңге күрделі шығындарға, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына, азаматтарды оқытуға, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға тиесілі. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда геологиялық барлауға инвестициялар ағынының оң серпіні байқалады», - деді спикер.


Сондай-ақ Мемлекет басшысының жер қойнауы учаскелерін тексеру тапсырмасы аясында, ұзақ уақыт бойы келісімшарттық міндеттемелерді орындамай, жүйелі бұзушылықтары бар 27 келісімшарт бойынша жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде, 12 келісімшарт бұзылып, 9 келісімшарт бойынша 1,8 млрд теңге көлемінде айыппұл төленді, 6 келісімшарт бойынша жұмыс жасалуда, оның ішінде сот тәртібінде. Мемлекетке қайтарылған жер қойнауының учаскелері инвестициялар тарту үшін аукционға қойылады.