«Жақсартылған модельдік келісімшарт» тетігі реттеуші және фискалдық преференциялардың пакетін бекітеді. ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында энергетика вице-министрі Асхат Хасенов ерекшеліктер туралы айтып берді. 


Оның айтуынша, реттеуші преференциялар пакеті мыналарды көздейді: Қазақстан соттарында да, халықаралық төрелікте де бұзылған құқықтарды қорғау мүмкіндігі; барлау кезеңінен өндіру кезеңіне оңайлатылған көшу және басқалары.


Фискалдық преференциялар пакеті мүлік салығы бойынша жеңілдіктер беруді, салық салудың ерекше режимін - жер қойнауын пайдалануға балама салықты және салық мақсаттары үшін күрделі шығындарды есепке алудың жекелеген тәртібін қолдану мүмкіндігін көздейді.

«Преференциялар пакеттерін ұсыну инвесторлардың қарама-қарсы міндеттемелерімен қатар жүретінін атап ату маңызды, оларды орындамау ЖМК–ны тоқтатуға әкеп соғады. Осындай қарама-қарсы міндеттемелерге, атап айтқанда, мамандар мен жұмысшылар бойынша кадрларға елішілік құндылықты бекіту 70%-дан кем емес; құзыретті органның келісімі бойынша өндіру кезеңінде жергілікті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (ТЖКҚ) жеткізушілерін дамыту бағдарламасын міндетті түрде әзірлеу. Геологиялық барлау жұмыстарының көлемін, түрлерін, мерзімдерін көрсете отырып,жұмыс бағдарламасын әзірлеу, аймақты оқытуға, НИОКР және әлеуметтік дамытуға төлемдер бойынша барлық ағымдағы міндеттемелерді орыдау,сондай-ақ ірі жобалар үшін қосымша инвестициялық міндеттемелерді бекіту  және басқалары», - деді спикер.