Бірінші отырысқа облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері (бейнеконференция режимінде) қатысты. Сондай-ақ отырысқа саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері және ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау Миссиясының өкілі шақырылды.

Осы күні бірінші отырысты аша отырып, Нұрлан Әбдіров 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі және мәслихатар депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарларына сәйкес, бүгін, 2023 жылғы 18 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттығына кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталатыны жөнінде хабардар етті.

Сайлау туралы Конституциялық заңның нормаларына сәйкес аумақтық сайлау комиссиялары мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастырады және олардың өткізілуін қамтамасыз етеді. Саяси партиялар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттығына ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу осы өңірлердің аумақтық сайлау комиссияларының құзыретіне жатады. Олар барлық сайлау процестерін өңірлерде өткізеді.

Мәселен, пропорционалдық жүйе бойынша сайланатын облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттары депутаттарының 334 мандатына аумақтық сайлау комиссиялары өңірлерде партиялық тізімдерді тіркеудің осындай рәсімдерін жүргізді.

Қолда бар жедел ақпаратқа сәйкес, барлық өңірлердегі аумақтық сайлау комиссиялары облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды партиялық тізімдер бойынша тіркеді.

Осылайша, партиялық тізімдерді Парламент Мәжілісіне және облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астана мәслихаттарының депутаттарына тіркеу кезеңі аяқталды.

Парламент Мәжілісі мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров баяндама жасады.

Ол ОСК а.ж. 15 ақпанына дейін саяси партиялардың қарауына ұсынылған барлық 7 тізімді тіркеуді аяқтағанын хабарлады.

Сондай-ақ аумақтық сайлау комиссиялары (АСК) пропорционалды негізде сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мәслихаттары депутаттарының жартысын сайлау бойынша партиялық тізімдерді тіркеу жөніндегі жұмысты аяқтады.

Мәселен, Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісіне сайлауға қатысуға ұсынылған барлық 7 саяси партияның партиялық тізімдерін тіркеді: «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ – 52 кандидат, «Ақ жол» Қазақстаның Демократиялық партиясы» ҚБ – 54 кандидат, «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» республикалық ҚБ - 19 кандидат, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» - 18 кандидат, «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» ҚБ - 25 кандидат, «AMANAT» партиясы» ҚБ - 90 кандидат, «Respublica» партиясы» ҚБ - 23 кандидат (партияның 2 кандидаты берген өтініштеріне сәйкес алынып тасталды).

Осылайша, еліміздің Парламент Мәжілісі депутаттарының мандатына үміткер саяси партиялардың 7 тізіміне 281 кандидат енгізілді. Әрбір саяси партия әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың қажетті өкілдігін сақтайды. Жалпы, барлық партиялық тізімдер бойынша бұл санаттар 38,1% құрайды.

Кандидаттардың орташа жасы - 45,7 жас, депутаттыққа кандидаттар 19 адам 29 жасқа дейінгі, 80 - әйел (28,5%), 201 - ер адам.

Саяси партиялар тізімге 12 этностың өкілдерін енгізді.

Сондай-ақ Константин Петров ҚР мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы хабардар етті. Мәселен, республика бойынша 223 мәслихатта 3415 депутат сайланады, оның ішінде 668 - облыстық мәслихаттарға, 617 - қалалық мәслихаттарға, 2130 - аудандық мәслихаттарға. Облыстық мәслихаттарға 668 депутаттың 334 - і партиялық тізімдер бойынша сайланады.

Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының депутаттарын сайлау бойынша 1447 кандидаттың 118 партиялық тізімі тіркелді («Ақ жол» ҚДП – барлық 20 өңірде 199 кандидат тіркелді, «AMANAT» партиясы - барлық 20 өңірде 692 кандидат тіркелді, «Ауыл» ХДПП - барлық 20 өңірде 136 кандидат тіркелді, «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» - 18 өңірде (Қостанай облысы мен Жетісу облысынан басқа) 89 кандидат тіркелген, ЖСДП өңірлерде партиялық тізімдерін ұсынбаған, Қазақстан Халық партиясы – барлық 20 өңірде 172 кандидат тіркелген, «Respubliсa» партиясы - барлық 20 өңірде 159 кандидат тіркелген).

Тіркелген тізімдерде әйелдер мен жастардың қажетті өкілдігін әрбір саяси партия сақтады, бұл санаттар 39,2% - ға ұсынылған.

Кандидаттардың орташа жасы - 43,8 жас, 29 жасқа дейінгі - 182 , 434 -әйел (30%), 1013 - ер адам.

Саяси партиялардың тізіміне 22 этностың өкілдері енгізілген.

Отырыстың екінші мәселесіне көше отырып, Нұрлан Әбдіров Сайлау туралы Заңның 37-бабына сәйкес саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары және «Бәріне қарсымын» деген жол енгiзiледi.

Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 15/214 қаулысымен сайлау бюллетеніне саяси партиялар атауларын енгізу туралы жеребе өткізудің ережесі бекітілді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина отырысқа қатысушыларды жеребе өткізудің ережелерімен таныстырды. Ол ережелерге сәйкес мөлшерлері мен түстері бірдей конверттерге тіркелген партиялардың санымен тең реттік нөмірлер жазылған парақтар салынатынын хабарлады. Бір конвертте нөмір жазылған бір ғана парақ болады. Конверттер мөрленіп, барлық қатысушылардың көз алдында үстел үстіне орналастырылады. Әр саяси партияның өкілі кезекпен бір конвертті алып, оны ашады, парақта жазылған нөмірді көрсетеді.

Конверт ішіндегі нөмір - саяси партияның сайлау бюллетеніне енгізілетін нөмірі болып табылады.

Жеребені өткізудің нәтижесі хаттамаға енгізіліп, оған қатысып отырған Орталық сайлау комиссиясының мүшелері қолдарын қояды.

Жеребе қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:

1. «AMANAT» партиясы;

2. «Ауыл» партиясы;

3. «Respublica» партиясы;

4. Қазақстан Халық партиясы;

5. «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы;

6. «Ақ Жол» партиясы;

7. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.

Осылайша, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда саяси партиялардың атауларын сайлау бюллетеніне енгізу тәртібі айқындалды.

Бұл тәртіп пропорционалдық жүйе бойынша сайланатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарының депутаттарын сайлауда пайдаланылатын болады.

Отырыстың күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман баяндама жасады. Ол халықаралық байқау институты ашылғаннан бері 9 шет мемлекеттен және 3 халықаралық ұйымнан 79 байқаушы аккредиттелгенін хабарлады.

Бүгінгі күні аккредиттеуге 2 шет мемлекеттен және 1 халықаралық ұйымнан 4 байқаушының кандидатуралары ұсынылды: Бельгия Корольдігінен 2 кандидатура, Қырғыз Республикасынан 1 кандидатура, ЕҚЫҰ ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі Миссиясынан 1 кандидатура.

Сонымен қатар Мұхтар Ерман ОСК-ға ЕҚЫҰ ДИАҚБ-дан осы ұйымның Миссиясының құрамындағы өзгерістер туралы алынған нотаға байланысты бір байқаушы бойынша ҚР СІМ ұсынысы келіп түскенін атап өтті.

Сонымен, бұрын аккредиттелген байқаушы Мишель Ньянг байқауға қатыса алмайды. Осыған байланысты ДИАҚБ сайлауды байқау жөніндегі Миссиясының құрамына тиісті өзгерістер енгізілді.

Осы күнгі екінші отырыс барысында сайлау алдындағы үгіт жүргізу мәселесі қаралды. Осы мәселе бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Щегорцова баяндама жасап, сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталғаннан кейін бірден басталатынын хабарлады. Ағымдағы сайлау науқанында үгіт 18 ақпанда сағат 18.00 - ден басталып, 18 наурызда сағат 00.00-де аяқталады.

Ол отырысқа қатысушыларға заңнаманың негізгі жаңалықтарын жеткізіп, енді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы үгіт-насихаттан бөлек сайлау алдындағы іс-шаралар, үгіт материалдарын шығару, онлайн-платформалар арқылы да жүзеге асыруға болатындығын атап өтті.

Сондай-ақ БАҚ үшін тағы бір жаңалық атап өтілді - енді дауыс беру күні сайлау учаскесінде қызметтік куәлігі мен редакцияның тапсырмасы болған кезде әрбір бұқаралық ақпарат құралынан бір-бір өкілден, әрбір телеарнадан үшеуден аспайтын өкіл қатыса алады.

Анастасия Щегорцова жиналыстар, митингілер, шерулер мен демонстрациялар сияқты қоғамдық іс-шараларды өткізу тәртібі арнайы заңмен реттелетініне назар аударды. Оларды өткізу үшін жергілікті атқарушы органға хабарласу қажет.

Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшін арнайы жасалған баспа материалдарын, соның ішінде безендендірілген материалдарды, сондай-ақ сайлау науқанына арнайы әзірленген омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегін таратуға жол берілетінін есте ұстаған жөн. Алайда, тегін тауарларды, қызметтерді және т.б. ұсынуға жол берілмейді. Бұл сайлау алдындағы тыйым салынған үгіт болып табылады.

Барлық үгіт материалдары міндетті түрде мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс: осы материалдарды шығарған ұйым, оларды басып шығару орны, таралымы, тапсырыс берген тұлғалар, қандай қаражаттан төленгені туралы.

ҚР аумағынан тыс жерлерде үгіт баспа материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарды таратуға тыйым салынады.

Кандидаттар, саяси партиялар барлық үгіт материалдарын өз сайлау қорларының қаражатынан төлейді. Заң бұл мақсатқа басқа көздерден өзге ақша тартуға тыйым салады. Сондай-ақ сайлау қорынан төленбеген кез келген тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді қабылдауға тыйым салынады.

Отырыста жергілікті атқарушы органдардың сайлау алдындағы үгіт жүргізуге дайындығы туралы, оның ішінде кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыруға арнайы орындар мен үй-жайларды қамтамасыз ету туралы баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ үгіт кезеңінің аспектілері және сайлау алдындағы үгіт және заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік кезеңіндегі БАҚ пен интернет-кеңістіктің мониторингі туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және ҚР Бас прокуратурасының өкілдері баяндады.

Отырыс аясында ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова республикадағы эпидемиологиялық жағдай және коронавирустық инфекцияның, тұмаудың және ЖРВИ таралуының алдын алу шаралары туралы хабардар етті.

Ол республикадағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін айтты. Тәулігіне оң ПТР нәтижесі бар 120 COVID-19 жағдайы және теріс ПТР нәтижесі бар 10 COVID-19 жағдайы тіркеледі. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес барлық өңірлер жасыл аймақта орналасқан.

Айжан Есмағамбетова соңғы 3 апта ішінде республика бойынша ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың біртіндеп өсуі байқалғанын атап өтті. Сырқаттанушылық барлық өңірлерде өсті, жалпы республика бойынша өсім 1,6 есе (148 мыңнан 243 мың жағдайға дейін) құрады.

Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай мен ЖРВИ және тұмаумен сырқаттану маусымын ескере отырып, сайлауға үгіт жүргізу кезінде съездер мен конференциялар өткізу кезінде кең үй-жайларды пайдалану, үй-жайларда ауаны желдету жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуін және R көрсеткіші 1-ден жоғары өңірлерде бетперде режимін сақтауды қамтамасыз ету ұсынылады.

Сондай-ақ отырыста депутаттыққа жекелеген кандидаттардың жіберген сайлау туралы заңнаманы бұзу туралы мәселе қаралды.

Отырыс барысында Бас Прокурордың орынбасары Жандос Өміралиев а.ж. 17 ақпанда Орталық сайлау комиссиясына «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 47-бабының 3-тармағына сәйкес ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына төрт кандидатты сайлау алдындағы үгітті оған тыйым салу кезеңінде өткізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ҚР Бас Прокурорының ұсынысы енгізілгенін хабарлады. ОСК тиісті қаулы қабылдады.