«Іріктеу конкурсты өткізу тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады және жеке қасиеттерді бағалау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, эссе жазу, сондай-ақ мемлекеттік органның конкурстық комиссиясында әңгімелесу кезеңдерін қамтиды. Бұл ретте эссе жазу кезеңі басшылық лауазымдарға ғана міндетті болады. Мемлекеттік органның кадр қзметі эссе тақырыптарының тізімін қалыптастырып, оны жүйеге орналастырады және жүйемен кандидаттың жеке кабинетіне жіберіледі. Жүйемен үміткердің жеке кабинетіне жіберілген сілтеме бойынша бейнебайланыс жүргізіледі. Бұл автоматтандырылған іріктеу 1 наурызда іске қосылады және жыл соңына дейін 5 мемлекеттік органда – 3 орталық және екі жергілікті атқарушы органда өтеді. Жүйе сәтті болған жағдайда келесі жылдан бастап барлық мемлекеттік органдарда енгізіледі», - деді спикер.

Агенттік төрағасы орынбасарының айтуынша, биыл «Е-қызмет» жүйесінде басқа да кадрлық процестер жаңартылмақ. Барлығы 14 модуль. Оның ішінде тәртіптік бақылау, бағалау, іссапарлар және т.б бар. Бұл жұмыс осы жылы аяқталып, келесі жылы жаңартылған жүйе іс жүзінде пайдалануға беріледі.